ШИЕЛІДЕГІ АЛМАЛЫ АУЫЛЫНА ЖАҢА ЕМХАНА КЕРЕК
Шиелі ауданындағы 2000-ға жуық тұрғыны бар Алмалы ауылына жаңа емхана керек. Тұрғындар мен ақ халаттылар осылай дейді.
31 арна тілшісінің хабарлауынша, емхана ғимараты әбден ескірген. Тұрғындардың тиісті ем қабылдауына ешқандай мүмкіндік жоқ. Дәрігерлік амбулатория қызметкерлері жылда ғимараттың шұрық-тесік еденін жамап, сөгіліп жатқан қабырғаларын сылап қалыпқа келтіруге тырысады. Алайда, қызметкерлердің күш салғанынан түк шықпайды. Өйткені қолдан жасалған жөндеумен іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған емхананы қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан ескі ғимаратты жаңасына ауыстыру ең тиімді шешім, - дейді ауылдықтар.
Ауданның бас дәрігері Алмалыдағы ғимаратты келер жылы жөндейміз деп жоспарлапты.