ШИЕЛІДЕ ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАЛЫҚ ӨСІРУ ЦЕХЫ КЕҢЕЙДІ
2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Шиелі ауданындағы жеке кәсіпкер Ү.Бөгенбаева уылдырықтан шабақ шығару жобасымен 3 млн. теңге грант алып, шағын инкубациялық құра жабдық, тасымал көлігін алып жыл сайын милионнан аса шабақтар шығарып су қоймаларында өсіруде.
Осы балық шаруашылығын дамытуда үнемі ізденіспен жүретін «Сүйіндік» шаруа қожалығының төрағасы Сүйіндік Аманжолов ақсақал жасы 70–ті алқымдап қалса да, отбасылық бизнесін дамыту үшін жасап жатқан еңбегін ерекше айтуға болады.
Отбасылық бизнесін дамыту мақсатында, «Сүйіндік» шаруа қожалығы 200 га көлдің басын біріктіріп, біріккен ұлттар ұйымының азық түлік қауіпсіздігі, халықаралық Аралды құтқару қоры, Қазақстан ғылыми зерттеу институттарымен бірлескен келісімге қол жеткізіп, уылдырықтан шабақ шығару цехын кеңейтуде.
Күні кеше, аудан, жоғарыда аталған ұйым басшыларының және ауданның балық шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлердің қатысуымен цехтың ресми ашылу салтанаты болып өтті.
«Сүйіндік» шаруа қожалығының жобалық құны 12 млн. теңгені құрайтын инкубациялық балық өсіру цехында карп, ақ амур секілді балық түрлерінің уылдырықтарынан жылына 10 млн-ға дейін балықтар өсіріп, балық шаруашылығын дамытуға зор үлес қосатын болады. Қосымша, қаз, үйрек, қырғауыл жұмыртқаларынан балапандар шығаруда.