ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас мамандары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану» кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттеріне сабақ өтті. Оқуға 100-ден аса студент қатыстырылды. Онда өрт қауіпсіздігі шаралары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, ерікті өрт жасақшылардың атқаратын қызметтері және өрт кезінде мұғалімдер мен студенттердің эвакуациялану жұмыстары пысықталып, түсіндірме сабақ жүргізілді.
Өрт тек жұмыста ғана емес, сонымен бірге, тұрмыста да орын алуы мүмкін және қауіпті. Өндірісіте, тұрғын-жайда және басқа да орындарда алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және қорғау жүйесімен қамтамасыз етілуі керек.
Алғашқы және міндетті ереже: лаулап жанған жалынды айтпағанда, пәтерден түтіннің әлсіз шығуы байқалған уақытта да «101», «112» өртке қарсы қызмет көрсету орталықтарына дереу қоңырау шалу қажет. Көбінесе өртті өз бетімен сөндіруге тырысу жағдайы нәтижесіз болады, уақытты жоғалтады, үлкен көлемде аумақты өрт алып кетеді. Өртке қарсы қызметке хабарлаған соң, науқас және қарт кісілерді, балалар мен үлкендерді қауіпсіз орынға көшіру керек, көршілер мен пәтерге жақын тұрғындарға өрт туралы хабарлау керек, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.