МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТКЕ ЖАҢАДАН ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН ЖАСТАР КЕЛЕДІ
Ертең қалалық демалыс паркінде «Мерейлі отбасы» жастардың мерекелік бағдарламасы өткізіледі. Бұл туралы «Жастарды қолдау орталығы» МКМ хабарлады.
Жыл сайын Елбасы Жарлығымен елімізде қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып аталып өтіледі. Осы орайда, республикамыздың түкпір-түкпірінде отбасылық шаралар көптеп өткізіледі. Отбасы күнін атап өтудің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасының маңыздылығын жастар бойына сіңіре білу болып табылады. Жанұяның берекелі бірлігі мен тірлігін ұлықтайтын мерекеге орай ұйымдастырылып отырған шарада жастар өз өнерлерін ортаға салмақ.
Сонымен қатар, мерекелік концертке өңірімізде шаңырақ көтерген жас отбасылар шақырылып отыр. Шараға Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Б.Әбдіқадыров, «Жастарды қолдау орталығының» директоры Ж.Тұсмағамбетов қатысады.
Шынар БЕКБАН