ҚЫЗЫЛОРДАДА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖОЛАҚЫНЫ ТӨЛЕУГЕ 84 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
Қызылорда облысында аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер қалалық жолаушылар көлігінде, атап айтсақ, автобуста жол жүру ақысын төлеуге мемлекеттен ақша алады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлағандай, осындай отбасынан шыққан әр студентке жергілікті бюджеттен 24 мың теңге бөлінеді, яғни әр оқу күніне 100 теңгеден. Қызылорда автобустарында жол жүру ақысы 50 теңге екенін ескерсек, бұл студенттердің оқу орнына барып-қайтуына жетеді.
Мұндай өзіндік жәрдемақыны биыл жоғары оқу орындары мен колледждердің 3500-ге жуық студенті алмақ, оларға бөлінетін жалпы сома 84 млн теңгеден асады.