ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨППӘТЕРЛІ 3 ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қызылорда қаласында кең көлемде аталып өтпек.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы күні Қызылжарма жерасты су қоймасы пайдалануға беріледі. Мамандар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар нәтижесінде қызылордалықтардың толықтай таза ауызсумен қамтылатынын айтады.
Бүгінде Тасбөгет кентін толық газдандыру мақсатында қолға алынған құрылыс жұмыстары аяқталды. Көп ұзамай кент жұртшылығы көгілдір отынның игілігін көрмек.
1 желтоқсанда қатарынан үш аумақта қоныс тойы болады. Олар – «СПМК-70» шағын ауданы, Желтоқсан көшесінің бойы және «Маржан» көппәтерлі тұрғын үй кешені. Бокс орталығы да осы күні ашылады.
Тұрғындар қаланың әр түкпірінде өтетін мәдени-көпшілік шараларды тамашалап, азық-түлік жәрмеңкелеріне (С.Сүлейменов пен Ә.Егізбаев көшелерінің аралығы немесе «Қыз Жібек» мейрамханасының жаны және «Реалбаза» аймағы) барып, қысқа қам жасай алады.
Назерке САНИЯЗОВА