ҚЫЗЫЛОРДА – «БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА»
Қызылорда қаласы «Балаларға мейірімді қала» атанды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлады.
Арнайы диплом жергілікті құрылым өкілдеріне «Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мен БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы ҮЕҰ кеңесінің кеңейтілген бірлескен отырысында табысталды. Жиынның пленарлық бөлімінде бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың жұмысы нәтижесі талданды.
21 қаланың ішінде Қызылорда қаласына «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломы салтанатты түрде табысталды.
21 қаланың ішінде Қызылорда қаласына «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломы салтанатты түрде табысталды.