КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Биыл 1 сәуірде басталған жалпыреспубликалық «Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал» акциясының жеңімпазы анықталды.
Қызылорда қоғамдық телеарнасы хабарлағандай, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған шараның мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қызмет сапасы мен мәдениетін көтеру, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет түсімін молайту. Шарт бойынша әрбір қатысушы дүкен, сән салоны, кафе сияқты орындардың қызметін қолданғаны үшін чек талап етуі тиіс. Әрбір чек акцияға қатысуға мүмкіндік береді.
Кезекті ұтысқа қызылордалық Күміскүл Бақытжанова ие болды. Акция 30 қарашаға дейін жалғасады.