ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНІҢ БӘРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҮРГІЗУГЕ ҚАРЖЫ ЖЕТКІЛІКСІЗ
Қызылорданың бюджетінен бөлінген қаржы әзірге қала көшелерінің 33 пайызында ғана тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Соған қарамастан, барлығында тазалықтың сақталуы ұдайы назарда.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көктемнен бастап «Тазалық сақшылары» мобильді тобы жұмыс жүргізуде. Құрамына түрлі сала өкілдері енген топ күн сайын рейдке шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтиже болмаған нысандарда тиісті хаттамалар толтырып, айыппұлдар салады. Жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен 7 жаңа техника, 22 қосымша құрал алынды.