БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН
Қызылорда қаласында бюджеттен бөлінген қаржының үштен бір бөлігі коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған.
Облыста өндірілетін өнімнің 93,5 пайызы, орындалған құрылыс жұмыстарының 53 пайызы – Қызылорда қаласының үлесінде. «1 тамызда қалалық бюджеттің жалпы кірісі 38 млрд. 444 млн. теңгені құрады. Оның ішінде өз кірістеріміз 42,8 пайыз (16 459,3 млрд. тг.). Аталмыш қаржының үштен бір бөлігі коммуналдық шаруашылық саласына (31,1%) бағытталды», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Көшелер де кезең-кезеңімен жөнделуде. Мәселен, былтыр республикалық, жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 млрд. 412 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 94,4 шақырымды құрайтын 78 көшеге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл облыстық және қалалық бюджеттерден бөлінген 4 млрд. 558 млн. теңгеге ұзындығы 87,4 шақырым болатын 93 көше жөнделуде.