ҚЫЗЫЛОРДАДА «МҰНАЙШЫ» МӨЛТЕК АУДАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Таяу болашақта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің оң жағалауында, халыққа қызмет көрсету орталығының жанында «Мұнайшы» мөлтек ауданы бой көтереді. Бүгінде инженерлік-инфрақұрылымын дамыту құжаттары әзірленуде.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сондай-ақ «Қор» мұнай компаниясы сол аумақта демалыс сквері мен аллеясын, ал «Мелиоратор» ЖШС «Арай» мөлтек ауданында спорттық-сауықтыру кешенін салуға атсалысуда.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес демеушілер есебінен «Сырдария» мөлтек ауданындағы 7 үйдің қасбеті қайта жаңғыртылды. Шиелі мен Тереңөзек жақтағы кіреберіс қақпалардың эскиздік жобалары дайындалып, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тиісті қаржы бөлінді.