ҚЫЗЫЛОРДАДА БИШІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Соңғы кездері қаламыздың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа ғимараттар мен демалыс орындары көптеп салынуда. Сондай әсем нысандардың бірі болып қала орталығындағы «Ақмешіт-Сырдария» мешіті аумағында қайта абаттандырылған алаңда заманауи талаптарға сай биші субұрқақ іске қосылды. Бұл туралы «Қоғам тв» арнасы хабарлады.
Гранит тастармен қапталған жалпы ұзындығы 50 метрді құрайтын субұрқақтың ерекшелігі түрлі пішінде 9 метр биіктікке дейін су шашып, 70-ке жуық түспен көмкерілген арнайы жарықшамдар субұрқақтың бойын сәулелендіріп тұрады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылған бұл жобаны мердігер «Техонастка-РемСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асырды.