ҚЫЗЫЛОРДАДА 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТ БАСТАЛДЫ
Жаңа оқу жылында Қызылорда қаласында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бойынша эксперимент басталды.
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын, қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жылдық оқыту моделі. «Оған көшу аясында 2014-2015 оқу жылының алғашқы күнінен бастап №2 «Мұрагер», №233 орта мектеп базасында эксперимент жұмыстары басталды», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Эксперимент бағдарламасы, іс-әрекет және жұмыс жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарына сүйене отырып жасалуда.