ДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫ «КӨЙЛЕГІН АУЫСТЫРАДЫ»
Қала күніне орай Қызылордада дария жағалауы жаңа кейіпке енеді. Облыстық «Кызылординские вести» газеті жазғандай, қыркүйек айының басында Қорқыт ата кешенінен Ғ.Мұратбаев көшесіне дейінгі аралық «көйлегін ауыстырады».
Бүгінгі күні мұнда тротуарға тас төселіп, жолдар асфальтталуда. Газондар мен гүлдер пайда болады. Жағалауды көркейту жобасы облыс әкімдігі мен «ҚОР» мұнай компаниясының өзара әріптестік жөніндегі екіжақты меморандумы аясында жүзеге асырылуда. Компания Әбілқайыр хан (Қорқыт ата кешені) және Ғ.Мұратбаев көшесінің аралығындағы 1800 м аумақты абаттандыру жауапкерішілігін мойнына алды.
Онда қазір 100 адам – машинист, дәнекерлеуші, монтаждаушы және басқа мамандар жұмыс істеп жатыр. Жоба құны – 250 млн. теңге.