ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРИЯЛАР «ҚАРА ЖОРҒАНЫ» БИЛЕДІ
Қызылордалық қариялар, көңілді де сергек болуға шақырады. «Әсіресе, зейнет жасына шыққандарға салауатты өмір салтын ұстану абзал» деген кеңеспен бөлісті, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Қаладағы «Ардагерлер үйіне» жиналғандар бірге ән айтып, би билеп, спорт, қолөнермен айналысады. Олар әсіресе қазақтың «Қара жорға» биінің денсаулық үшін пайдасы бар деп отыр.
«Ардагерлер үйінің» тұрғындары әрбір таңды осылай атыруды әдетке айналдырыпты. Олар таңғы жаттығудын орнына - буын биін тәуір көреді. Айтуларынша, бұл би күні бойына қажетті қуат пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
«Себебі денеміздің барлығы, мүшеміздің барлығы қозғалады әрі бүкіл денсаулыққа пайдалы деп білемін. Өйткені азаннан кешке дейін өзіңді сергек санайсың. Біздің күніміз танертең жорғамен басталады», - дейді зейнеткер Ақайна Ізмағамбетова.
Ал көпшілікті ширатып алуға қазіргі әйгілі әндер қойылады екен. Оған енжар адамдардың өзі билеп кетеді. Мұндағы жандары жайсаң қарттардың тағдыры әрқилы. Дегенмен, олардың өмірден алған тәжірбиелері мол. Ертеңгі күнге деген сенімдері биік. Олар әрбір атқан таңға шүкіршілік айтып, айналасына жақсылық пен береке сыйлауға тырысады.
Жалпы, кала бойынша 23 мың қария бар, ал «Ардагерлер үйіне» тіркелгендері 500.