ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ МЕН БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ КЕЗДЕСТІ
Еліміздің алғашқы астанасы Қызылорда қаласы биыл өзінің 197 жылдық мерейтойына толымды табыстарымен жетті. Биылғы жылғы дәстүрлі мереке 26 қыркүйегі күні атап өтілмекші.
Мерекелік шаралар аясында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенттер сарайында қалалық ішкі саясат бөлімі және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алашқа ана, қазаққа пана болған Қызылорда» тақырыбында Қызылорда қаласының құрметті азаматтарымен белсенді жастардың кездесуі өтті.
Кездесу қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділбек Ерсұлтанов құттықтау лебізінен соң қаланың құрметті азаматтары Марк Захарович Подольский, Мұстафа Матаев, Баянбай Сыздықов қала жастарымен ой бөлісу, пікір алмасу бағытында өрбіді. Аталмыш кездесуге келген қоғамның негізгі қозғаушы күші болып табылатын жастар және жастар ұйымдарының көшбасшылары қаланың құрметті азаматтарымен ашық, кең көлемде диолог жүргізді.
Шара барысында Қызылорда қаласының құрметті азаматтары жастарға деген өз тілектерін білдірді. Жарқын болашақтың жасампаздары болатын жастармен жүздесу билік пен жастар арасындағы алтын көпірге айналары сөзсіз.