ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ ЖАСАМАҚ
Конституция күніне орай Қызылорда қаласына қарасты елді мекендер облыс орталығына мерекелік тарту жасамақ, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде мерекелік шаралар 28-29 тамыз күндері өткізіледі. Атап айтқанда, Тасбөгет кенті мен Қосшыңырау, Ақжарма ауылдық округтерінде 28 тамыз күні, Белкөл кенті мен Қызылжарма, Ақсуат, Қарауылтөбе, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінде 29 тамыз күні театрландарылған қойылым, концерттік бағдарлама халыққа ұсынылатын болады.Қала тұрғындары үшін 30 тамыздың мереке екендігін кеңінен сезінуін қамтамасыз ету мақсатында мереке күні қаланың негізгі халық көп шоғырланатын бөліктерінде мерекелік концерттер ұйымдастырылатын болады.