ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін қала әкімі Н.Нәлібаев, Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Р.Нұртаевпен бірге ауа-райының қатты ысып тұрған шағында ауыз су мәселелерін болдырмау және сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін қала көлемінде орналасқан (гидроузел) су тоғандарында болды.
Осы уақытқа дейін қала тұрғындарының басым бөлігі тиісті технологиясына сәйкес арнайы сүзгілер арқылы тазартылатын Сырдария өзенінің суын пайдаланып келсе, бүгінгі таңда жер асты суларын пайдалануға қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Бұл мақсатта, «Қызылорда қаласындағы ауыз су және кәріз су жүйелерін, ғимараттарды қайта жаңғырту және кеңейтудің 2015 жылға дейін» жобасы бойынша 2013 – 2014 жылдар аралығында барлығы 3 млрд. 958 млн. 49 мың теңгеге құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілсе, 2015 жылы бұл жұмыстарға 3 млрд. 617 млн. 279 мың теңге қаржы қаралған.
«Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы жеке бақылауымда болады» - деген қала әкімі адамдардың денсаулығы ауыз суға тікелей байланысты екендігін, сондықтан бұл мәселеге немқұрайлық танытуға болмайтындығын айтып, мамандарға арнайы зертханалар арқылы судың сапасын үнемі бақылап отыруды тапсырды.