ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 87 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР
Кеше Қызылорда қаласының барлық мектептерінде "Соңғы қоңырау" салтанатты шарасы ұйымдастырылды. Қазір қаламызда 1 мың 893 түлек үлкен, жаңа өмірге жолдама алуда. Қала әкімі Н.Нәлібаев қалалық №3 мектеп – лицейінде болып "Соңғы қоңырау" салтанатты шарасына қатысып, жас түлектерді құттықтады.
- «Нұрлы Жолға» бастайтын «100 нақты қадам» сынды ауқымды стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыратын да, оның нақты жемісін көретіндерде осы бүгінгі түлек, ертеңгі ел тізгінін қолға алар өскелең ұрпақ деп білемін. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың және аялап өсірген ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне сендер зор үлес қосатындықтарыңа сенемін», - деген тілегін білдірген қала әкімі, шара соңында бірқатар үздік түлектер мен мектеп өміріне белсене атсалысқан ата-аналарды мараппаттап, сыйлықтар табыстады.
Айта кету керек, биылғы жылы 1 мың 436 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынамақ. 12 оқушы ғылыми жоба жүлдегері атанып, ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылса, 4 оқушы экстернат нысанында шет елдерде білім алуда. Осы түлектеріміздің ішінен 87 түлегіміз «Алтын белгіге», 28 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.