ҚАЛАҒА ЖАҢА АВТОБУСТАР КЕЛДІ
Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы және «Еуропалық қайта құру даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес 2 кезеңдік жобасы әзірленген болатын. Жобаның бірінші кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынған. Енді, міне, «Қызылорда қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015» жылдарға арналған пилоттық жобасы аясында автопарк тағы да 10 жаңа үлкен сыйымдылықтағы автобустармен толықты.
«Соңғы үлгідегі жаңа қоғамдық көліктердің сыйымдылығы 72 адамды тасымалдауға дейін жетеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де маршрутта арнайы орын қарастырылған. Енді қыркүйек айына дейін өңірімізге барлығы 100 автобус әкелінбек. Автобустардың барлығы кешенді техникалық тексеруден өткізіліген»,- дейді «ҚызылордаАвтобус паркінің» директоры Әнуар Нақып.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА