ТАСБӨГЕТ МЕКТЕПТЕРІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Биыл Тасбөгетте «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының І бағыты бойынша №11 және №176 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
№11 орта мектептегі жұмыстарды «Малика ИКБ» ЖШС жүргізуде. Бөлінген қаржы 66 млн. теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, тамыз айының соңында бітеді деп жоспарлануда. Аталған мектеп 1976 жылы салынып, 1978 жылы берілген. Осы уақытқа дейін мектепте күрделі жұмыстар жүргізілмеген. Қазіргі таңда мектептегі барлық терезелер ауыстырылып, едендерге жаңа төсеніштер төселуде. Жөндеу жұмыстарына 37 адам тартылған.
Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстар №176 мектепте де атқарылуда. Аталған жұмысты «Алтын Айжарлы» ЖШС жасауда. Бөлінген қаржы 22 млн. теңгені құрайды. Күрделі жөндеуді тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі таңда мердігер мекеме мектепте сылақ, бояу, еден төсеніштерін ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстарға 25 адам тартылды.
Жалпы, осы жылы қалада 15 мектеп, 2 балабақша және Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 674 млн. теңге бөлінді.