ЖАҢА ЖОБАЛАР 45 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫМАҚ
«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен халықты жұмыспен қамту бағыты бойынша биыл Қызылордаға республикалық және жергілікті бюджеттен 433 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш қаржыға 6 жоба жүзеге асырылып, 45 жұмыссыз азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Осы орайда қаладағы №20, 136, 198, Тасбөгет кентіндегі №11, 176 мектептер мен №31 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бағдарлама аясында биыл сондай-ақ алпыс пәтерлік бір тұрғын үй және екі пәтерлі жеті тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған.