ҚЫЗЫЛОРДАДА БИЫЛ 7 МЫҢ 55 ГЕКТАР ЖЕРГЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҚ
Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық нысандарында биыл барлығы 7 мың 55 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру межеленген.
Оның ішінде 2 мың 769 гектары күріш, 47 гектары жаздық арпа, 26 гектары жаздық бидай, 58 гектары сұлы, 448 гектары жаңа жоңышқа, 1 мың гектары картоп, 930 гектары көкөніс, 580 гектары бақша дақылдарын егу және қолда бар 1 мың 197 гектар ескі жоңышқа дақылы күтімге алынады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
2015 жылғы егістің негізі үшін өткен жылдың күз айларында барлығы 2 мың 300 гектар жерге сүдігер көтерілді. Осы көтерілген сүдігерге бүгінгі күнге дейін ерте көктемде орналастырылуы жоспарланған 448 гектар жаңа жоңышқа дақылының 305 гектары және 47 гектар жаздық арпа, 26 гектар жаздық бидай, 27 гектар сұлы дақылдары егілді. Жаңа жоңышқа дақылын егу жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін толық көлемде атқарылады.