ТАЛСУАТ АУЫЛЫНДА 11 КӨШЕ ТҮНГІ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауылдық округтегі жұмыстардың жүргізілу барысын көріп, тұрғындармен кездесті.
Талсуат ауылдық округіндегі балабақша ғимараты 1975 жылы салынған. 2008 жылы өзге мекеменің теңгеріміне берілген ғимарат 2010 жылы қайтарып алынған болатын. Осы ретте, 40 жылға жуық уақыттан бері жөндеу көрмеген ғимаратқа биыл қалалық бюджеттен 65 млн.теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысқан қала басшысы мердігер мекеме басшысына жаңа оқу жылына дейін жұмыстарды бітіріп, тұрғындардың игілігіне тапсыруды жүктеді.
Сондай-ақ, биыл ауылда қалалық бюджеттен бөлінген 10,7 млн.теңгеге «Мұнайшы», «Биман Тапалов» және «Бейбітшілік» көшелеріне асфальт, Оспанов тұйығы мен Сырдария көшесіне тас төселді.
Мұнан өзге, ауылдың 11 көшесі түнгі жарықпен қамтамасыз етілуде.
Ауыл тұрғындары ел Тәуелсіздігінің арқасында ауылдық елді мекендерге ерекше көңіл бөлініп жатқандығын айтып, мемлекеттің қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.