АУЫЛДАРҒА ЖЕТКЕН «АҚБҰЛАҚ»
Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында биыл Қызылорда қаласының төрт елді мекенінде су ұңғымалары бұрғыланып жатыр.
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мұхамедиса Әлсеріковтің айтуынша, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 1 млрд. 502 млн. теңге есебінен қала ішінде және әлгі ауылдарда 21 су ұңғымасы бұрғылануда. Ақсуат, Абай, Айнакөл, Ақжарма елді мекендерінде 49,8 шақырым ауызсу жүйесі, 74,5 шақырым сервистік желілер тартылды. Оған қоса енді 1750 су есептегіш құралы орнатылады.