БЕЛКӨЛДІК 36 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛМАҚ
Белкөлде 22 жылдан бері қаңтарылып тұрған көпқабатты үйге жыл соңына дейін жан бітеді. Сөйтіп, 36 отбасы қоныс тойын тойлайды.
Кентте одан да бөлек келелі жұмыстар атқарылуда. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мысалы, биылдың өзінде 5 кәсіпкерлік нысаны ашылады деп межеленген. Ал бүгінде жалпы құны 400 млн. теңге болатын мұнай жөнелту терминалы салынып жатыр, Жоба іске қосылғанда 24 адам жұмыспен қамтылмақ.
Тұрғындардың бұған дейінгі қала әкімімен кездесудегі ұсынысына сәйкес Әбдіқадырв көшесінің электр желілері жаңартылуда. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінді.