7 АУЛА КЛУБЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ҮШІН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Қызылорда қаласында өткен жылы 217 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, өткен жылмен салыстырғанда 4 есе артқан. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Елбасымыз өз Жолдауында «Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс» - деп мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсетуді тапсырған болатын.
Осы орайда, Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7 аула клубы ашылып, жыл ішінде 800-ден аса мүгедек қамтылды. Биылғы жылы аула клубтарының үздіксіз жұмыс жасауына қалалық бюджеттен 12 млн. теңге бөлінді.
Фариза ОМАРОВА