БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПҚАБАТТЫ 23 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНБАҚШЫ
Қызылорда қаласында 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 143 мың шаршы метрді құрады.
Бұл жұмыстар биылғы жылы да тиісті жалғасын табатын болады. 2015 жылы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп 810 пәтерді құрайтын 16 тұрғын үйдің және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ арқылы 330 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, қаладағы апаттық үйлерге қатысты мәселені түбегейлі шешу мақсатында Титов қыстағы мен КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға 127,1 млн теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жалғастыруға республикалық бюджеттен 257 млн теңге бөлінді, - дейді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Фариза ОМАРОВА