РОЗА БОХАНОВА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың өкімімен Роза Боханова қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2011-2013 жылдар аралығында ол Қызылөзек ауылдық округін басқарған болатын. Күні бүгінге дейін қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Ал қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Рүстемов өз өтінішімен қызметінен босатылып, аймақ басшысының өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ қалалық сайлау комиссиясының шешімімен және қала әкімінің өкімімен Медет Сейілов Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болды.