ҚЫЗЫЛОРДАДА 13 МЫҢ АДАМ ҮЙ АЛУ КЕЗЕГІНДЕ ТҰР
Қызылордада биыл 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл - жергілікті басшылықтың баспана мәселесін шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамымен бірлесе жүзеге асырған жобасының нәтижесі. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Ақерке Биятова мәлімдеді.
Осыдан екі ай бұрын іргетасы қаланған нысанның құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Қаланың «Сәулет» шағын ауданында да 3,3 гектар жерге үй салу жоспарлануда. Осының негізінде 490 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.
Айта кету керек, қала бойынша 13 мың адам пәтер алу кезегінде тұр.