БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бүгін Қызылорда қаласында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырды.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қаладағы 42 мекемеден алдын ала 123 бос орындарға сұраныстар келіп түсті, оның ішінде: бактериолог, инфекционист, дәрігер, есепші, мемлекеттік сатып алу маманы, инженер-құрылысшы, заңгер, бағдарламашы, лаборант, сатушы және жұмысшылар бар. Сонымен қатар жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына, ереженің талабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, өткен жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде хабарласқан азаматтардың саны 2750 болып, солардың ішінде 152 адам жұмыспен қамтылған. Осылайша биыл 1 қаңтарға тіркелген жұмыссыздық деңгейі- 0,7 пайызды құрады.