«ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫНДА ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ТІРКЕУ КУӘЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ
Қызылорда қаласының «Тағзым» алаңында 17 жасқа толған азаматтарға әскери есепке тіркеу куәлігін тапсыру салтанатты шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Роза Боханова, Ауған соғысының ардагері, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, генерал-майор Әлімжан Ерниязов, Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиев, Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайраддин Баймаханов және ҚР Қорғаныс Министрлігінің зейнеткері, запастағы подполковник Александр Ивановтар қатысып, жастарға отансүйгіштік пен елжандылық тақырыбында тәрбиелік маңызы зор өсиеттер айтылды.
Қала әкімінің орынбасары Р. Боханова сөз сөйлеп, әскери есепке тіркеу куәлігін алып, елдің қорғаны болар азаматтардың қатарына қосылуларымен шын жүректен құттықтады.
Жалпы барлығы 30 жасқа әскери учаскесіне тіркелгендігі үшін арнайы тіркеу куәлігі табысталды.