30 БАЛАҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Үстіміздегі жылдың 16 қаңтар күні «Нұрлы жол» қоғамдық қоры және Қызылорда қалалық білім бөлімі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдері арасында арнайы меморандумға қол қойылған болатын.
Аталмыш меморандум негізінде Қызылорда қаласы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде республикалық «Қамқорлық» акциясына аясында, «Бәрі де балалардың бақыты үшін» тақырыбында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды, делінген қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ұйымдастырылған акция барысында орта білім ұйымдарында үйден оқитын білім алушылар мен мүмкіндігі шектеулі 25 балаға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 жетім балаға қолдау көрсетіліп, арнайы әзірленген бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңында «Нұрлы жол» қайырымдылық қоры балаларға тәтті тағамдар ұсынып, арнайы дастархан жайды.