БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАДА 46 СКВЕР, АЛЛЕЯ КӨГАЛДАНДЫРЫЛУДА
Қаланың экологиялық қауіпсіздігін жетілдіру бағытында «Жасыл белдеу» жобасы жалғастырылуда.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба аясында 131 гектар жерге 135 мың түп ағаш отырғызылды. Қазір қалада 97 мың шаршы метрге 46 аллея, сквер, көшелер мен көше айрықтарына, айналма жолдарға гүлдер мен газондар отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.
«Қосымша, «Қызылорда-Шымкент» бағытында жалпы көлемі 23,5 гектар жерге 11 мың түп ағаш егу үшін облыстық бюджеттен 604 млн.теңге, «Әуежай-Қызылорда» бағытында жалпы көлемі 4 гектар жерге 4,5 мың түп ағаш егу үшін 160 млн.теңге бөлінді. Тұңғыш Президент паркін көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда. Облыстық бюджеттен бөлінген 75 млн.теңгеге 10 мың түп ағаш, 17 мың шаршы метр жерге гүл егілді», - делінген хабарламада.