ЕЛЕУЛІ ІС – ЕГЕСІН ТАБАР
Жақында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдер арқылы оқу мен оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында №11 орта мектебінде қалалық семинар өткізілді.
Семинарды бөлім басшысы М.Аралбаев ашты. № 11 мектеп директоры Б.Әбиев «Инклюзивті білім беру: заңнамалық шеңберлері, тұжырымдамалық негіздері және тәжірибелік жүзеге асыру механизмдері» жайлы баяндама жасады. Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік курсынан өткен мектеп мұғалімдері: Г.Миманова, Қ.Қожаниязова, Н.Смағамбет, Ж. Басықараева, А. Бектұрова және Н. Ахметовалар ашық сабақтар мен коучингтер өткізіп, қала мектептері мұғалімдерімен тәжірибе алмасты. Семинар соңын «Деңгейлік бағдарламалар» орталығының ұлттық тренері Р. Марсали мен қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Р. Мукашева қорытындылап, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Семинар жоғары дәрежеде өткізілді деп бағаланды. Осылайша, №11 мектеп ұжымы жыл соңын айтулы айшықтармен аяқтауда.

Қазына ҚОЖАНИЯЗОВА,
№11 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі