ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҚАРАУЫЛТӨБЕДЕ НАУБАЙХАНА АШТЫ
Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Күлпаш Әбілқайырова өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша 6 млн.теңге несие алып, ауылда наубайхана ашты.
Қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлағандай, елді мекенде мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп отырғандар аз емес. Мысалы, Ораз Бейісов «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» аясында 1,5 млн. теңге несие есебінен кәсібін дөңгелетіп әкетті. 7 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. Тағы 5 адам кәсіптік даярлаудан, 1 жас «Жастар тәжірибесінен» өтуде.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 1 көше жарықтандырылуда. Жыл соңына дейін 6,6 млн. теңгеге балаларға арналған ойын алаңы салынады.