ҚЫЗЫЛОРДАДА ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ
2014 жылдың І жартысында Қызылорда қаласында индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске қосылып, 105 жұмыс орны ашылды.
- Ел өндірісіне қан жүгірткен бұл бағдарлама игілік бастауына айналды. 2017 жылға дейін жалпы құны 60 млрд. 757 млн. теңгені құрайтын 40 инвестициялық жоба іске қосылып, 3335 қызылордалық жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде, - деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев V шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында.
Қызылордалықтар үшін ерекше стратегиялық маңызға ие, қалада 1400-ге жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін шыны зауыты мен арнайы және кешенді қорытпа өндіретін ферроқорытпа зауыты салынады.
Есепті мерзімде жалпы құны 1 млрд. 55 млн. теңгенің жобалары жүзеге асырылды. Олардың қатарында «Смарт Раббер» ЖШС-нің «Жарамсыз автокөлік балондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жер асты трубаларын шығару», «Қызылорда қаласындағы Хуа Ю интернационал» ЖШС-нің «Химиялық реагенттер өндірісі», жеке кәсіпкер «Абсадыкованың» «Гигиеналық қағаз шығаратын цехтың құрылысы», «Эко-Н Сервис» ЖШС-нің «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамды жинау және тиімді пайдалану», жеке кәсіпкер «Қожаниязовтың» «Күйдірілген кірпіш шығару өндірісін ұйымдастыру» жобалары бар.
Жыл соңына дейін бағдарлама бойынша жалпы құны 3,1 млрд. теңгенің 7 жобасы іске қосылып, 296 жаңа жұмыс орындары ашылады.