ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР ЕСЕБІНЕН БЕС ҚАБАТТЫ ҮЙ САЛЫНУДА
Қызылорда қаласында апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесін шешу үшін 60 пәтерлік 2 тұрғын үй салынуда.
- Жыл басынан бері 56096 шаршы метр тұрғын үй салынды. Қала халқының тұрғын үйге сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл соңына дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 млрд. 257 млн.теңгеге 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 22 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жыл ішінде 750 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады, - деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев V шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында.
Бүгінгі күнге Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі 100 пәтерлік жас отбасына арналған 2 тұрғын үй және Тасбөгет кенті Аманкелді көшесіндегі 132 пәтерлік 6 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілді. Апаттық үйлерге қатысты мәселені шешу мақсатында жаңадан 60 пәтерлік 5 үй және 100 пәтерлік 1 үй салу жоспарлануда. Қажетті жер көлемі анықталып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Биыл Титов қыстағы мен КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтеруде.
Жеке кәсіпкерлер есебінен 5 қабатты «Ер Ару» тұрғын үй кешені биыл пайдалануға берілуде. Сондай-ақ қалада «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бірлесіп 230 пәтерді құрайтын 4 үй, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» Акционерлік қоғамы арқылы 210 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бұл тұрғын үйлер 2015 жылы халық игілігіне табысталатын болады.