«СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОСПАРЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ОРЫНДАЛДЫ
Қызылорда қаласында «Сыбаға» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстар І жартыжылдықта-ақ толығымен орындалды.
- Осы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 561 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 18,6 пайызға ұлғайды. Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 6696 гектар егін егіліп, негізгі дақыл түрі күріш 533 гектарға ұлғайтылды, - деді V шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Тауар өндірушілерге арзандатылған жанар-жағармай, тыңайтқыш, гербицид және су жеткізу қызметтеріне 125 млн. теңге субсидия төленуде. Мұндай қолдау мал шаруашылығы саласында да жүзеге асырылуда.
Мал шаруашылығында барлық мал басы түрінен тұрақты өсім бар. Есепті мерзімде «Сыбаға» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстар 100 пайыз орындалды. 200 бас мүйізді ірі қара және ет бағытындағы 10 бас асыл тұқымды бұқа толық алынды.