ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАБЫҚ БАЗАРЛАР САЛЫНАДЫ
Биыл Қызылорда қаласында 4 қабатты «Отырар», 2 қабатты «Қорқыт ата» жабық базарлары жұмысын бастайды. Бұл жөнінде V шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев депутаттар алдында берген есебінде айтты.
Қалада бүгінде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Жыл басынан бері кәсіпкерлер қатары 409 кәсіпкерлік субъектісімен толығып, 26 628-ды құрады.
Салық базасын ұлғайту мақсатында, жолаушы және маршруттық тасымалдау (такси) қызметімен айналысатын тұлғаларды кәсіпкер ретінде тіркеу жұмыстары кешенді ұйымдастырылуда.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы құны 2 млрд. 156 млн. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл облыс бойынша жобалардың 95 пайызы.
Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес, ашық сауда орындарын жабық базарларға көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде 4 қабатты «Отырар», 2 қабатты «Қорқыт ата» жабық базарлары мен 3 қабатты «Бабас» шағын базарының құрылысы жүргізілуде.