КӨШПЕЛІ ШАРАДА ЖАСТАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Қызылордада жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Ел ертеңі – жастар» деген атпен көшпелі шара өтті. Қалалық ішкі саясат бөлімі және «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сөз болды.
Қазіргі таңда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 6,8 пайызды құрайды. Осыған орай «Дипломмен - ауылға», «Қолжетімді тұрғын үй», «Жұмыспен қамту», «Жастар тәжірибесі» атты бағдарламалар жүзеге асырылуда. Көшпелі шарада «Болашақ жастары» ұйымының төрағасы Бауыржан Мастеков, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің маманы Мұхамед Мақсат, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының маманы Айжан Аралбайқызы және тағы басқалар жастарға осы жөнінде кеңес берді.
Биыл екінші мәрте қолға алынған игі шара алдағы уақытта да жалғаса түспек. Көтерілген мәселелердің шешілуіне «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігі ықпал ететін болады.
Азамат АЯПБЕРГЕНОВ,
«Болашақ жастары» жастар қоғамдық
бірлестігінің баспасөз хатшысы