МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС АТҚАРЫЛУДА
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Тасбөгет кентінде орналасқан №2 қалалық бөлімі 6 айда мемлекеттік тілді дамыту жоспарына сәйкес біршама жұмыстар атқарды.
Атап айтқанда, бөлімде қызметкерлер арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты жарыс, қазақ тілін дамытуға арналған 7 семинар сабақтар өткізді.
Бөлім «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заң талаптарына сәйкес маңдайшалар, ақпараттық стенділер және басқа да жазбаша ақпараттар мемлекеттік тілде рәсімделген.
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
Қ.МОЛДАБЕРГЕНОВА,
№2 қалалық бөлімнің инспекторы