МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
№12 орта мектепте «Қызылорда - Ақиқат айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлғалар» тақырыбындағы мектеп оқушылары арасындағы қалалық олимпиада өткізілді.
Шараға қалаға қарасты мектептердің оныншы және он бірінші сынып оқушылары қатысты. Интеллектуалды ойынның шарттары бойынша қатысушылар сұрақ-жауапқа жауап беріп, эссе жазуы тиіс. Сонан соң ақтық сайысқа түсті.
Сайыс қорытындысымен «Үздік Эссе» номинациясымен Жадыра Оңдашева, Жасұлан Танкаман, «Үздік Нәтиже» номинациясымен Ғазиза Тұрсынбай марапатталды. Ал 1 орынды Жазира Өмірзақ жеңіп алса, 2 орынға Бауыржан Смайылов лайық деп танылды, ал 3 орынды Асылхан Баттал қанағат тұтты.
Шынар БЕКБАН