«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА» БАРҒАНДАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ – МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕР
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында биыл Қызылорда қаласында 25 маман біржолғы жәрдемақы, 6 маман тұрғын үй несиесін алды.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың 64,5 пайызы – білім, 16,1 пайызы – медицина, 9,6 пайызы – әлеуметтік сала мамандары. 2009-2013 жылдар аралығында қалаға жақын ауылдарға 110 маман барған. Оларға біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін 80 млн. 845 мың теңге қаржы берілді.
«Биыл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 34 млн. 554 мың теңге бөлінді», - делінген хабарламада.