ҚЫЗЫЛЖАРМАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАРЫҚҚА ҚАРЫЗЫ 9 МЛН.-ҒА ЖЕТТІ
Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі тұрғындарының «Энергосервиске» қарызы 9 млн. шамасында. Серіктестік басшылығы оны толық өндіру үшін кейбір абоненттердің ісін сотқа да беруде, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасының тілшісі.
«Энергосервистің» Қызылжарма учаскесінде 18 мыңдай тұтынушы бар. Олардан жаққан жарығы үшін 90 млн. теңгеден артық төлем өндіріледі. Осы күнге дейін 66 тұтынушының ісі сотқа жіберілген. Сот арқылы олардан 1 млн. 228 мың теңге қарыз өнірдірілген.
Дегенмен, қарыз иелерінің саны азаяр емес. Қызылжарма ауылымен бірге қаланың Шанхай, Коммунизм бөлігіндегі кейбір абоненттердің алдының қарызы 287 мың теңгеге жеткен. Ең азының өзі 60 мыңнан асып кетеді. Сервис басшылығы мұндайлардың электр сымдарын қиып кетуде. Алайда, үй иелері олар кеткен соң қайтадан өздері жалғап ала береді екен.
- Қарыз бәрібір тиісті орындар арқылы өндіріледі. Әйтпесе, мүлдем қиып тасталады, - дейді бөлім басшысы Еркебұлан Сұлтанбеков.