БАНКТІК НЕСИЕ БЕРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ЖАЙЫН КӨТЕРДІ
Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекованың, судьялардың қатысуымен «Банктік несие шарттары негізінде қарыз сомаларын өндіру туралы істердің қаралуы барысында туындаған мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өтті.
А.Молдабекова сот өндірісіндегі банктік несие беру шарттарының орындалмауы негізінде азаматтардан қарыз сомаларын өндіру туралы азаматтық істердің қаралу барысына тоқталды. Қатысушылар несие шарттары бойынша негізгі қарыз сомасына сыйақы мен айыпақылардың қосылып есептелуі тәжірибесіне әр банктің мысалында тоқталды. Азаматтардың құқықтарының сақталуы мақсатында өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ осы санаттағы азаматтық істерді қарауда медиация тәртібінің қолданылуы туралы айтылды.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі