АЙНАЛМА ЖОЛДЫ ЖАҒАЛАЙ ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ
Биыл Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі аралықта Сырдария өзенінің бойын жағалай ұзындығы 7 шақырымды құрайтын айналма жол салынуда.
Қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдағы уақытта осы жолды жағалай көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Айналма жолдың бойында стандарттарға сәйкес жарық бағаналары, аялдамалар және жаяу жүргіншілер жолы, арнайы веложолақ қарастырылған. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 1 млрд. 932 млн. теңге қаржы бөлінген.
Жол құрылысы саласындағы жағымды жаңалықтың бірі, осы шілде айының аяғына дейін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 51 көшені орташа жөндеуге 980 млн. теңге және ауылдық округтердегі 14 көшенің орташа жөндеу жұмыстары мен 2 көшені жарықтандыруға 80 млн. 126 мың теңге қаржы тартылуда.