ДЕПУТАТТАР БЕЛКӨЛ КЕНТІНДЕГІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары Белкөл кентіндегі бірқатар нысанды аралады. Алдымен олар балалар демалыс орнына барды, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Жеке кәсіпкер Мұрат Нұрсейітов бұл бастаманы көптен бері армандап жүрген. Жұмыстың жобалық-сметалық құны – 150 млн. теңге, жер көлемі – 4 га. Құрылыс аяқталған соң суға түсу, скутер және квадроциклмен серуендеу, балық аулау, атпен серуендеу қызметтері көрсетіледі деп күтілуде.
Кезекті нысан - «Амангелді» халыққа қызмет көрсету орталығы. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бойында салынған ғимараттың жобалық-сметалық құны – 200 млн. теңге, жер аумағы – 4 га. Мұнда 70 орынға лайықталған мейрамхана, 60 орындық қонақ үй, автотұрақ, жүк көлігін жөндеу, көлік жуу орындары қарастырылған. Қазіргі таңда 20 адам жұмыспен қамтылған.
Мұнан соң халық қалаулылары №189 мектепте тұрғындармен кездесті. Кент әкімі Асхат Ибрагим атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктер туралы баяндады.