АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІҢ 60,8 ПАЙЫЗЫ ТАЛАП ҚОЮ БОЙЫНША ҚАРАЛДЫ
Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындыланды. Баспасөз конференциясын судья К.Сәдуақасова жүргізді.
Сотқа есепті кезеңде 5877 азаматтық іс пен талап арыз түскен. Аяқталған азаматтық істердің саны – 5408. Азаматтық істердің 60,8 пайызын талап қою бойынша қаралған істер құрады.
Есепті кезеңде негізінен қаралған істердің санаттарын еңбек ақы өндіру туралы - 23, жұмысқа қайта орналастыру туралы - 16, балаларды асырап-бағуға алимент өндіру туралы - 452, оның ішінде әкелігін анықтаумен байланысты 7, неке бұзу туралы – 631, заңдық маңызы фактілерді анықтау туралы 209, коммуналдық төлемдерді өндіру туралы 497, жер құқық қатынастарына байланысты даулар бойынша 99, зиян өндіру туралы 31 іс, оның ішінде моральдық зиян өндіру туралы - 18 іс, денсаулыққа келген зиянды өндіру туралы 10 іс құрап отыр.
Сондай-ақ 2016 жылдың қаңтар айынан бері процессуалдық әрекеттер жасау тәртібі мен оларды атқару мерзімдеріне көптеген өзгерістер қарастырылған жаңа Азаматтық процестік кодекс қолданысқа енгізілгендігі туралы айтылды.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі