ҚАЛАДА ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда қала тұрғындарының төрттен бірін жастар құрайды, яғни 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 69221.
Бүгінде жастар арасында жұмысқа қамтуға, өз кәсібін ашуға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде және қаланың 14 аумағында тиісті сала мамандарымен бірге кездесулер өткізіліп жүр. Мәселен, жыл басынан бері қалада жұмыссыз ретінде тіркелген 4642 жастың 84,8 пайызы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Атап айтқанда, 1474 жас тұрақты жұмысқа орналасып, 577-сі ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды, 218 жас қайта даярлау курстарынан өтті.
Ал «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының «Жастар тәжірибесі» бағытына бөлінген 73 млн. 200 мың теңгеге 370 жасты қамту көзделген болатын. Есепті мерзімнің өзінде бұл көрсеткіш 58 пайызға артығымен орындалып, 586 азамат «Жастар тәжірибесі» аясында жұмыс жасауда. Жастарды жұмыспен қамтуда қалада ай сайын өткізіліп жатқан «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін аясында жыл басынан бері 500 жас жұмысқа орналасты.
Қызылорда қаласында жастарды жұмыспен қамту барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылған 176 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 24 пайызы, яғни 43-і жас.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ретте, 15 мүмкіндігі шектеулі жас мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар аясында жұмыс жасауда.
Айта кеткен жөн, биылғы жылы алынған 20 қоғамдық көлік пен қалада салынып жатқан 37 балалар ойын және спорт алаңдары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді.
Шынар БЕКБАН